Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып өзгертілді.
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында өткізілген «Біржан сал – қазақ ән - жырының шамшырағы» атты әдеби кеште білім алушыларды қазақ халқының музыка мәдениетінің алыбы атанған Біржан салдың өмір жолы, шығармашылығы, өлеңдері арқылы адалдыққа, шыншылдыққа, өнерді сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсаты қойылды. Туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту арқылы жергілікті ақын, әнші, сазгер, жазушыларымыздың шығармашылығын дәріптеп, бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту болып отыр.
Кеш барысында Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өлеңдерін оқып, әндері тыңдалды.
Біржан Қожағұлұлы-қазақтың сал-сері ақындарының ұстазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы да мәңгі жасамақ!
Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданының Біржан сал ауданы болып өзгертілуі құтты болсын!