«Елбасы-ел тірегі» 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған әдеби кеш
2017 жылғы 30 қарашада №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназия мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы –ел тірегі» атты әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кеш мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі- өнеге ету. Тәрбиеленушілерді өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, париоттық сезімге тәрбиелеу.
Мерекелі кеш барысы тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын таныстыратын
видеокөрсетілім, оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған әдеби концерттік бағдарлама көрсетілді.