"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет

21.11.2017

            

2017 жылы 27 қыркүйекте № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын іске асыру бойынша латын әліпбиіне көшуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында педагогикалық ұжыммен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

              Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.О.Бактыбаева «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты баяндама оқыды. Баяндамада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты

мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруында саяси реформа мен экономикалық

жаңғыру қолға алынғанын, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырту, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» (Болашағы біртұтас ұлт)  құндылықтарын енгізу және «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша заман талабына сай латын әліпбиіне көшу мәселесі жоспарланғаны айтылды.Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік

игеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатындығы туралы пікір алмасу болды.

             Мектеп – гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Жангалиева ұжым мүшелеріне латын әліпбиіне көшудің ерекшеліктері, қажеттілігі туралы айтты. Ақмола облысы қауымдастығы

ұйымдастырған форумда қаралған мәселелер туралы айтылды. Елбасы тапсырмасы жылдар бойы

талданды, енді рухани жаңғыру аясында қолданысқа енгізіледі.

           Ортақ мүддеден туындаған, зор қоғамдық-әлеуметтік мәселе оңтайлы шешімін табады деп ойлаймыз.

 

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст