"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімді жүрек»

20.11.2017

     2017 жылы қазан айының 26 – ы күні №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында «Қамқоршылар күніне» арналған

«Мейірімді жүрек» атты мерекелік іс-шара өткізілді.          Мерекелік іс-шараның мақсаты -  өз отбасына тәрбиелеуге бала қабылдап алған адамдарға ризашылық білдіру, жат адам және

бөтен қайғы дегенді білмейтін жандарды ынталандыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы түрлерін

көпшілікке таныстыру болып табылады. Бұл іс-шараға Красный Яр селосының №1, №2 мектептері қатысты.

Мерекелік кеште қамқоршыларға арналған концерттік бағдарлама болды, балалар ән салып, би биледі. Қамқоршыларға мектептің атынан алғыс хаттар және қалалық білім бөлімінен гүл шоқтары табысталды. Қамқоршылар кеш соңында мектеп әкімшілігіне өздерінің ризашылықтарын білдірді.

         Бұл – мемлекет пен қоғам тарапынан «иесіз» баланы қамқорлығына алған адамның еңбегі қажет деп танылғанның және қоғамның ризашылығының дәлелі. Мерекелік концерттен кейін қонақтар мерекелік дастарханға жайғасты.



Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст