Текст
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы
«Болашақ» сауықтыру алаңының ашылу салтанаты
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы «Болашақ» сауықтыру алаңының 2017 оқу жылының 14 маусым күні ашылу салтанаты болып өтті. «Болашақ» демалыс орнына таңғы сағат 10.00 де оқушыларды қарсы алып, жоспарға сәйкес ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанаты оқушылардың Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар мектеп асханасының әзірлеген тәтті тағамдарымен тамақтанып, балалар түрлі ойындар ойнап,ертегі тыңдап ,үш тілде тақпақтар сайысына қатысты. «Кім тапқыр» сайысына белсене қатысып жеңімпаздар марапатталды. Ауысымның ашылуы өз денгейінде қызықты да ,тартымды өтті.