№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы
жанындағы «Болашақ» демалыс орнының 1
ауысым бойынша өткізілген
іс-шараларының мәтін есебі.
«Болашақ» демалыс орнының 1 ауысымында жанұя жағдайы төмен отбасыларынан 50 оқушы қамтылып, 60 оқушы үйірме жұмыстарына қатысты. Оқушылар «Достық» және «Тұлпар» атты екі топқа бөлінді. Әр топқа тәлімгерлер мен тәрбиешілер тағайындалып театр, қолөнер, ырғақ, ағылшын, дене шынықтыру үйірмелері кесте бойынша өз жұмыстарын жүргізді. Демалыс орны сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс жүргізді.
Күнделікті күн тәртібі:10.00-10.30 «Қайырлы күн, жас өрен!» (Оқушыларды қарсы алу)
10.30-10.45«Шынықсаң, шымыр боласың!» (Ертеңгілік жаттығу)
10.45.-11.15«Бой жазайық, кел, ойнайық!» (сергіту ойындары, спорт сағаты)
11.15-11.45«Білім өмір азығы» (іс-шаралар)
11.45-12.30 «Үйренерім көп менің...» (үйірме жұмыстары, психологиялық тренинг
сағаттары,)
12.30-13.15«Алтын қамба – алтын уақыт!» (Сайыстар, жарыстар, саяхат)
13.15-13.45«Асыңыз бойыңызға жұғымды болсын!» (Түскі ас)
13.45-14.45«Кел, ойнайық!» (Қызықты ойындар, тренингтер)
14.45-15.00 «Жақсылықпен кездесейік!» (Шығарып салу)
Белгіленген жоспар бойынша барлық іс-шаралар уақытында орындалды. Әр тәрбиеші, тәлімгер, үйірме жетекшілері өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әр оқушының қызығушылықтарын арттыра білді. Өткізген кештер, серуендер ойындар тартымды, қызықты, жан-жақты ұғымды ұйымдастырылды.
Атап айтсақ: 1 маусым күні мектеп жанындағы «Болашақ» сауықтыру алаңының ашылу салтанаты болып өтті. «Болашақ» демалыс орнына таңғы сағат 10.00 де оқушыларды қарсы алып, арнайы дайындалған бағдарлама негізінде ашылу салтанаты болып өтті. Бағдарлама оқушылардың Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар мектеп асханасының әзірлеген тәтті тағамдарымен тамақтанып, «Көкше» МҮ арнайы «Балаларды қорғау күніне орай әзірлеген іс-шараны тамашалауға орталық алаңға барды. Орталық алаңда түрлі ертегі, мультфильм кейіпкерлерімен қызықты ойындар ойнады. Ауыл әкімінің арнайы тәтті балмұздағы ,таратылды. Кеш өз деңгейінде қызықты да тартымды өтті.
Жұма 02.06.2017 ж күні жоспарлы түрде «Жүзден жүйрік» өнерлі балалар күні болып өтті. Алдымен топ ішінен өнерлі балаларды анықтау, іріктеу жұмыстары жүргізілді. Әнші, бишіі, өлеңші балалар тобын іріктеп алғаннан кейін «Өнерлі балалар» күніне арналған іс-шараға дайындық жұмыстары басталып кетті. Алдымен тәлімгер Нуртазина Т.К өнер адамдары туралы шағын ақпарат беру мақсатында түрлі өнер иелерінің суреттерімен таныстырды. Мысалы: әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев шығармашылықтары туралы айта отырып олардың әндерін тыңдатты.
Атақты суретші Әбілхан Қастеев туралы шағын видео көрсетілді, Жас және тамаша ақын бала Жамбылдың өлеңдерін тыңдатты. Осындай таныстыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін өнерпаздардан құралған «Жүзден жүйрік» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында әнші қыздар Альмира мен Інжудің орындаған әндері үздік деп танылса, биші «Гүлдер» тобының билері ең үздік деп танылды. Сондай ақ қалалық «Абай оқулары» сайысының биылғы ІІ жүлделі орын иегері Қаржас Жасмина өзінің жаттаған өлеңдерінен үзінді оқып балаларды таң қалдыра білді.
Сенбі 03.06.17 күні «Рәміздер менің мақтанышым» тақырыбында Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған іс-шара болып өтті. Көкшетау қаласынан М.Ғабдуллин мұражайынан арнайы қонақтар келіп «Рәміздер мақтанышым» тақырыбында мағлұмат беріп өтті. Рәміздердің шығу тарихына тоқтала кетіп, видео ролик көрсетті. Оқушылар арнайы қойылған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қоса іс-шара тәлімгерлердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Балалар арнайы дайындап келген өлең жолдарын оқып берді. «Отан», «Біз бақытты балдырған», «Туған ел», «Астана» тақырыбында әндер орындалды. Сондай-ақ балалар «Сақина» ойынын ойнады. Ойын шарты бойынша сақинасымен ұсталып қалған балалар ел рәміздері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.
Дүйсенбі 05.06.17 ж күні «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» тақырыбында іс-шара болып өтті. Мақсаты 851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. Халықаралық көрмелердің тарихы туралы мәлімет берілді. Тәлімгерлер балаларға «Астананың тарихы» тақырыбында мәлімет оқыды. "Көк тудың желбірегені" әні орындалды. Кеш соңы «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» тақырыбында көрмемен жалғасын тапты.
Сейсенбі 06.06.17 күні табиғат аясына саяхатқа шықты. Балалар табиғат аясында түрлі ойындар ойнады. Эстафеталық сайыстар ұйымдастырылып балалар уақытын тиімді пайдаланды. Балаларға таза табиғат аясы қатты ұнады. Сәрсенбі 07.06.17ж күні
Көкшетау қаласындағы «Бодрость» бассейініне барылды. Алдымен балаларға салауатты өмір салты жайлы айтылды. Тазалық, гигиена жайлы әңгімеленді. Оқушыларға суда жүзу ережелерімен, жалпы қауіпсіздік ережелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар суға түсіп ,мәз мейрам болып қайтты.
Бейсенбі 09.06.17 ж «Сүйікті мультфильм кейіпкерлері» күні болып өтті. Балалар «Көкше» МҮ саяхатқа барып мультфильм тамашалады. Содан кейін «Болашақ» алаңында «Драма» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Ақылды қыз» ертегісін тамашалады. Ертегі өте қызықты болды. Басты рөлдерде Қана Әлішер хан болса Серікбай Альмира ақылды қыз ролін сомдады. Уәзірлер, жұмысшылар рөліндегі балалар да өз рөлдерін жақсы орындап бері. Ертегіні тамашалаған балалар үшін ертегі қатты ұнады. Олар өздерінің алған әсерлерін ертегі соңында әңгімелеп берді.
09 маусым күні «Достық оты» атты достық күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларды ұйымдастыру мақсатында «Достық» тақырыбында сурет салу сайысы болып ең үздік суреттер қатарына Қаби Лаура мен Жумагулова Фаризаның суреттері алынды. «Достық оты» достық туралы әндер мен өлеңдер жарысы ұйымдастырылып жеңімпаздары анықталып марапатталды. Ән сайысында Серікбай Альмираның орындауында «Көңілді күн» әні және Муфтахадинова Аяжанның орындауында «Қошақаным» әні ең үздік деп танылса, өлеңдер оқу сайысынан Қабиева Ажардың орындауындағы «Туған жер» өлеңі ең жақсы шығарма деп танылды. Кеш соңында «Бүлдіршіндер» би тобының орындауында «Достық» биі көрсетіліп балалардың көңіл күйін көтере білді.
Сенбі 10 маусым күні «Астана арман қала» күні болып өтті. Алдымен тәлімгерлер балаларды Іс-шараның өту ережесімен таныстырды. Топтарда Астана қаласы туралы аңыз-әңгімелер оқып берді. Оқушылардың ұйымдастыруымен «Астана арман қала» қойылымы тамашаланып, «Астана» тақырыбында өлеңдер сайысы болып өтті. Сайыс барысында ең үздік өнерпаз Муфтахадинова Айша болып танылды. Балалар өздерінің Астана қаласын қаншалықты білетіндіктерін ортаға салып, өзара ой бөлісе білді.
12 маусым күні «Болашақ» жазғы демалыс орнының «Қош бол, Болашақ!» І ауысымның салтанатты жабылу болып өтті. Алдын-ала қоштасукүніне арналған іс-шараға дайындық жұмыстары жүргізілді. «Көңілді Болашақ» атты тілек бұрышына суреттер салу, тілек жазу сәті болды. Оқушылардың бірінші ауысым бойы алған әсерімен бөліспекке ,«Әрқашан күн сөнбесін» тілек айту сағаты ұйымдастырылды. «Қош бол, Болашақ» мерекелік іс-шарада оқушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне ие болды.. Әндер орындалып, би де биленді.»Шаштараз», «Жарнама», «Орындыққа талас» ойындары ойнатылып жеңімпаздары анықталды. Кеш соңында түрлі номинациялар бойынша оқушылар марапатталды. шаралардың барлығы таза ауада, мектеп алаңыңда өтті. Салауатты өмір салтына байланысты әр-түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалардың көңілінен шықты. Күнделікті жол ережесі, өрт қауіпсіздігі, т.б. өмірге зиян келтіретін заттар бойынша әңгіме жүргізіліп отырылды.