№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы
2016-2017 оқу жылының мектеп жанындағы
«Болашақ» жазғы сауықтыру алаңында жұма 02.06.2017ж күні жүргізілген жұмысы туралы анықтама
Жұма 02.06.2017 ж күні жоспарлы түрде «Жүзден жүйрік» өнерлі балалар күні болып өтті. Алдымен топ ішінен өнерлі балаларды анықтау, іріктеу жұмыстары жүргізілді. Әнші, бишіі, өлеңші балалар тобын іріктеп алғаннан кейін «Өнерлі балалар» күніне арналған іс-шараға дайындық жұмыстары басталып кетті. Алдымен тәлімгер Нуртазина Т.К өнер адамдары туралы шағын ақпарат беру мақсатында түрлі өнер иелерінің суреттерімен таныстырды. Мысалы: әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев шығармашылықтары туралы айта отырып олардың әндерін тыңдатты. Атақты суретші Әбілхан Қастеев туралы шағын видео көрсетілді, Жас және тамаша ақын бала Жамбылдың өлеңдерін тыңдатты. Осындай таныстыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін өнерпаздардан құралған «Жүзден жүйрік» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында әнші қыздар Альмира мен Інжудің орындаған әндері үздік деп танылса, биші «Гүлдер» тобының билері ең үздік деп танылды. Сондай ақ қалалық «Абай оқулары» сайысының биылғы ІІ жүлделі орын иегері Қаржас Жасмина өзінің жаттаған өлеңдерінен үзінді оқып балаларды таң қалдыра білді. Кеш қызықты да, тартымды өтті.
Алаң басшысы: Жұмабаева Ж.Е