№3 Красный Яр көпсалалы орта
мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы
«Болашақ» сауықтыру алаңының
ашылу салтанаты
2017 оқу жылының 1 маусым күні №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы «Болашақ» сауықтыру алаңының ашылу салтанаты болып өтті. «Болашақ» демалыс орнына таңғы сағат 10.00 де оқушыларды қарсы алып, арнайы дайындалған бағдарлама негізінде ашылу салтанаты болып өтті. Бағдарлама оқушылардың Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар мектеп асханасының әзірлеген тәтті тағамдарымен тамақтанып, «Көкше» МҮ арнайы «Балаларды қорғау күніне орай әзірлеген іс-шараны тамашалауға орталық алаңға барды. Орталық алаңда түрлі ертегі, мультфильм кейіпкерлерімен қызықты ойындар ойнады. Ауыл әкімінің арнайы тәтті балмұздағы таратылды. Кеш өз денгейінде қызықты да тартымды өтті.
Алаң басшысы: Жұмабаева Ж.Е