«Биоақпараттандыру және
Синергетика» білім беру технологиясы – сапалы білім берудің кепілі»
Көкшетау қаласының білімі бөлімі 2017 жылғы 4 сәуірде «№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназия» КММ «Оқу-тәрбие процесінде «Биоинформатика және Синергетика» технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: «БжС» білім беру технологиясын енгізу арқылы оқушылардың ойлану жылдамдығын арттыру, есте сақтау, сөйлеу мен оқу сауаттылығын дамыту және жалпы білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жүйесімен тәжірибе алмасу. Семинар жұмысына қала мектептерінен 25 мұғалімі қатысты.
Осы іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында 6 сабақ жоспарланып көрсетілді. Олар:
- 5 «А» сыныбынада математика пәні, тақырыбы «Ондық бөлшектреге амалдар қолдану», мұғалімі Шаймерденова С. Б.;
- 5 «Б» сыныбында математика пәні, тақырыбы «Ондық бөлшектерге амалдарқолдану», мұғалімі Абишева О. Б.;
- 6 «Б» сыныбында математика пәні, тақырыбы «Рационал сандарға амалдар қолдану», мұғалімі Төлегенова Г. Қ.;
- 6 «Б» сыныбында география пәні, тақырыбы «Тірі организмдердің көптүрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы», мұғалімі Малгаждарова Р. С.;
- 3 «Б» сыныбында математика пәні, тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу», мұғалімі Шарипова Л. Ө.;
- 3 «А» сыныбында математика пәні, тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу» мұғалімі Алибекова А. Б.
Математика мұғалімі Шаймерденова С. Б.сабағын «КТС» картасы бойынша өткізді.
Пікір: ««КТС» картасы бойынша өтілген сабақта оқушылар өте жақсы қызығушылықпен қатысты. Оқушылар бір-біріне түсіндіру, талдау, тексеру кезінде белсенділік көрсетті. Бұл технологияның қолданысқа енгеніне аз уақыт өтседе, балалардың қалыптасқаны байқалып тұр. Бұл мұғалімнің білімділігі мен педагогикалық шеберлігі деп білеміз. Шаймерденова С. Б. әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз»
Математика пәні мұғалімі Абишева О. Б.;Төлегенова Г. Қ. және 3 «Б» сынып мұғалімі Шарипова Л. Ө. өз сабақтарын «Биоинтернет» картасы бойынша ұйымдастырып көрсетіп өтті.
Пікір: «Бастауыш сыныпта өткен «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ өте қызықты өтті. Сабақтың рухтандыру кезеңінен бастап, бағалауға дейінгі кезеңнің бәрінде оқушылар өте жақсы қызығушылықпен қатысты. Оқушылар жұмысты жылдам және дұрыс орындауға қалыптасқан. Бастауыштың мықты маманы екеніңізге көзіміз жетті.»
Пікір: «Бұл сабақта Абишева О. Б. «БжС» технологиясын жақсы меңгергені және білімділігі өте жақсы байқалды. Оқушылар да берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындап отыр, яғни бұл әдіске оқушыларда қалыптасқан. Сарапшы оқушыларда өз ойын еркін жеткізе алады. Технологиялық карта бойынша барлық кезеңдер дұрыс орындалып, мұғалім сабақтың мақсатына жетті. Оқушылар 63% білімін көрсетті. Ел тірегі болар білімді ұрпақ тәрбиелеуге биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз.
Пікір: « Төлегенова Г. Қ. «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ өткізді. Оқушылар осы әдіспен жұмыс істеуге қалыптасқан екені көрініп тұр. Сабақ өз деңгейінде жақсы өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз»
География пәні мұғалімі Малгаждарова Р. С. өз сабағын «Ауызша – 1» картасымен өткізді.
Пікір: ««Ауызша – 1» картасы бойынша сабақ өте жақсы өтті. Барлық кезеңдер бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл сабақта осы пән бойынша «Ауызша – 1,2» карталарын қолдану тиімді әдіс екеніне көзіміз жетті. Рефлексия, бағалау әділ түрде болды. Осы әдісті қолдануда мұғалім жақсы жетістікке жеткендігін дәлелдеді.
3 «А» сынып мұғалімі Алибекова А. Б. сабағын «Алгоритм» картасы бойынша көрсетіп өтті.
Пікір: Мұғалім «Алгоритм» картасы бойынша сабақ көрсетті. Бұл сабақтың түрі жаңа сабақ. Мұғалімнің «БжС» технологиясын жақсы меңгергені байқалып тұр. Сабағы өтте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар есептерді шапшаң шығарып, түрлі есептерді жүйе-жүйемен шығара білді. Рефлексия жасалды. Матрицамен жұмыс тиімді пайдаланылды. Сабақтан өзімізге көп жаңа мәлімет алдық. Мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз.
Қатысушылар семинардың соңында алған әсерлерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.