№ 3 Красный
Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында
мектепішілік «Абай оқулары» өтті
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналары қатысуымен мектепішілік «Абай оқулары» сайысы өтті.
Мақсаты:Білім алушыларды ұлы ойшылдың рухани мұрасын білуге, құрметтеуге, жаттап өсуге баулу, қалалық сайысқа дайындау. Сайысқа қатысуға 14 оқушы өтінім берді. Қазылар алқасы құрамында мектеп әдіскері Бактыбаева Г.О, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Хабидулина Б.Ж, Харақожа Е, Турсунбаева М.Д, Ожыбаева Г.Қ болды.
Кешті 2015-2016 оқу жылында қалалық «Абай оқулары» сайысында IIІ жүлделі орын алған Ергебек Абдуллаһ ашты. Сайыс барысында балалар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын жақсы білетіндіктерін, сайысқа жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды - 3 « Б» сынып оқушысы Қаржас Жасмина иеленді (мұғалімі Шарипова Л.Ө.), жүлделі ІІ орынды 3 «А» сынып оқушысы Амангельдина Азиза алды (мұғалімі Алибекова А.Б), IIІ орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Амантайқызы Нұржамал еншіледі (мұғалімі Уалиева С.А). Балаларына қолдау көрсетіп сайысқа қатысқан ата-аналарға да алғыс айтылды. Жүлделі І және ІІ орын
иеленген оқушылар сәуір айында өтетін қалалық «Абай оқулары» сайысына жолдама алды. Қабілетті, дарынды балалардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, оларды дамытып, өздеріне деген сенімін арттыру - біздің қолымызда. Қорытындылай келе:
Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу, -дегіміз келеді.