№ 3 КрасныйЯр көпсалалы орта мектеп – гимназиясы мұғалімі
« Босағаның құдіреті - келін» қалалық байқауы сайысына қатысты.
Ұлыстың Ұлы күніне орай Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі « Босағаның құдіреті – келін!» қалалық келіндер сайысын өткізді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1.Түркітілдес қауымдастықты біріктіруші фактор ретінде Қазақстан халқының оң имиджін қалыптастыру;
2.Қазақ мәдениетін қайта жаңғырту,келер ұрпаққа қазақ халқының мәдени,рухани құндылықтарын насихаттау;
3.Отбасы және отбасы – неке қарым – қатынасын нығайту,отбасының беделін көтеру,неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау,қазақы келіннің беделін көтеру,нағыз қазақы екенін дәріптеу.
Байқауға қатысушы әр саланың өкілдері 4 кезең бойынша сынға түсті.
Бірінші кезеңде ұлттық киімде дефиле көрсетсе,екінші кезеңде өлең немесе қара сөз арқылы өздері жайлы сыр шертіп,көрерменді өз отбасылармен таныстырды.Үшінші «Ата дәстүрін ардақтау!» кезеңінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрлерін көрерменге паш етілді.Ине шаншар,тал егу,бесікке бөлеу сияқты ырымдарды көрген көрермендер ризашылығын білдірді.Төртінші «Жарыс қазан»кезеңі бойынша келіндер сахна төрінде нан жазу және шай мен сүттің сұрыпын таңдай отыра шай құйып жарысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ақнұр Уалитқызы Махметова «Инабатты келін»номинациясында 3 -орынды жеңіп алды.
Өнерлі ұстазға табыстар тілейміз.