Текст
«Болашаққа сенеміз!»
Осы айдарды алудың да үлкен себебі бар, өйткені № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясындағы «Жас ұлан» патриоттық клубы жұмыс атқарады. Клубты мектептің АӘД пән мұғалімі Абишев Есенбек Сабырұлы жүргізеді. Оқушылар клубтың жұмысы барысында патриоттық сезімге, елжандылықа , туған жерге деген шынайы махаббаты өз бойына сіңіре отырып, Мәлік Ғабдуллин мұражайымен бірлескен жұмыстар барысында көрсетіп келеді. Жылда өтетін мерекелік іс –шаралар осы оқушылардың қатысумен жүргізіледі. Оқушылар сапта жүріп ән айту, өздерін әскери қызметкерлер сынды ұстауға үйретіледі. Клубтың балаға берері мол, олар ел қорғауға мектеп табалдырығынан бастап дайындылып, шынығып шығады.