Наурыз думан- тамаша!
№ 3 Красный Яр орта мектеп –гимназиясының Наурыз мерекесі өте жақсы өтті. Мектеп алдына құрылған ақ шатырлы киіз үйлер көздің жауын алып тұрды.Киіз үйлердің алдына жайылған қазақи көрме, құс ұстаған жігіттер, қазақша киінген қыз –жігіттер наурыздың көркін келтіріп тұрды. Мектеп ұстаздары болып үйдің іші мен сыртын мерекеге сай безендірдік. Киіз үйінің ішіне қазақы дастархан жайылып,қазағымыздың салты мен дәстүрін дәріптейтін «Бастаңғы» қойылымын қойып, ән айтып, қазақтың ойын түрлерінен құрылған спорттық сайыстарға қатысып, келген қонақтарға қазақи қонақжайлылық көрсетіп киелі асымыз наурыз көже ішкізіп, бата тіленіп, барлық жоралғыларды көрсете білдіқ. Осыған етене араласқан село тұрғындарының шат күлкісінен –ақ наурыздың жақсы өтіп жатқандығы көрініп тұрды.