"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XII Республикалық «Зерде» 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысы өтті

18.03.2017

XII Республикалық «Зерде» 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік 

жұмыстары  мен шығармашылық  жобалар сайысы өтті

           Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың наурыз айының 15-17 аралығында Ақмола облысы Щучье қаласы «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде»  XII республикалық конкурсы өтті.Байқауға республика мектептерінен 420 оқушы қатысты. Ақмола облысының намысын қорғауға  16 оқушы қатысты.

             №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының 4 «Б» сынып оқушысы Жексенбай Ержан «Наурыз

көжені тиімді пайдалану жолдары» тақырыбындағы жобасымен қатысты. Ержан сынып жетекшісі Ахметбекова Алмагүл Айтмұханбетовнаның жетекшілігімен 2015 жылы «Наурыз көжені тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында зерттеу жұмысын алған болатын. 2015-2016 оқу жылында 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары

мен шығармашылық жобаларының «Зерде»  XI республикалық конкурсының облыстық кезеңінде грамотамен марапатталды. Оқушы мен жетекші осы жұмысты одан ары зерттеп, күнделік жүргізді, Ш.Ш.Уалиханов атындағы

Көкшетау Университетінің зертханасында ұнтақталған наурыз көженің құрамын зерттеп, сараптама жасалды, ғалымдар қорытындысы шығарылып, денсаулыққа пайдалы ас екені дәлелденді. 2017 жылы Алматы қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ  Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері» ф.м.ғ.к Қойлық Нұрғали Отарбайұлы пікір жазып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітаптар палатасында тексеріліп, ISBN 978- 601-7913-69-4 номерімен тіркелді.

             2016-2017 оқу жылы 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде»  XII республикалық конкурсында Жексенбай Ержан І дәрежелі дипломмен және Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының сертификатымен марапатталды.

           Ғылымға қанат қаққан оқушымыз Жексенбай Ержан ата-анасы мен ұстазының еңбегін ақтап, мектеп-гимназия мәртебесін көтеріп, облыс мақтанышына айналды. Мектеп-гимназия басшысы Қанат Қиянбекұлы Шаймерденов осындай дарынды, қабілетті оқушылардың дарындылығын ұштай білген ізденімпаз ұстазға шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст