"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында «Зейнеткерлер акциясы» бойынша орындалған жұмыс есебі

17.03.2017

                                                                                        

«Нұр Отан» партиясына

 

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында «Зейнеткерлер

акциясы» бойынша орындалған жұмыс есебі

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында ақпай айында «Зейнеткерлер акциясы»өтті. Акцияға 80 зейнеткер қатысты. Зейнеткерлерді мектептің ішіндегі акт залына жинап, өздерінің төрағалары Алиев Шияп Марамұлының басшылығымен шағын кеңес өткізді. Кеңс барысында Мукушев Бабаназар Ғазезұлы өзінің жұмысының есебін берді. Мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Абишев Есенбек Сабырұлының ұйымдастырумен зейнеткерлер жайлы көрме ұйымдастып, кеңес барысында ол да өз есебін берді.Сонымен қатар зейнеткерлермен жыл бойына орындалған жұмыстар талқыға салынып, болашақта орындалатын іс –шаралар жоспарланды. Зал ішінен қойылған сұрақтарға жауап алынды. Жұмыстың жалғасы мектеп оқушылар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар ата- әжелер жайлы жазылған ақын өлеңдерінен оқып,«Ди-нар –ай» би тобы биін билеп, әндер шырқалды. Келген зейнеткерлер мектеп оқушыларына ризашылдығын білдірді.Қонақтарды асханада жайылған ас мәзіріне отырғызып, іштерінде жүрген сырларымен бөлісіп, өткен өмірлері жайлы айтып, жақсы отырыс жасады.

  Жыл бойына мектеп ішіндегі «Тимур» тобы және  «Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен қамқорлық айлығына байланысты кесте құрылды.Үлкендерге демеушілік беріп, қол ұшын созу, жалғыз қалған қарияларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мектептен зейнеткерлікке шыққан және  тылда еңбек еткен жандарға көмектесіп, қамқорлық жасау мақсаттарын жүзеге асыруда қай білім ұясында болмасын оқушылар арасында үнемі игі жұмыс жүргізіліп тұрады.

  Мектеп тәлімгерімен «Тимур» тобы және «Жас Ұлан» ұйымының балалары қарттарға көмек көрсету мақсатында Волкогон Владимир Николаевичтің6 Анатолий Павлович, Мурзиева Мира Бахатоваларға  үйіне барып, күз,қыс мезгілдерінде көмір отын ағаштарын жарып, бақшасын қазып, үй маңын қардан тазалау сияқты жұмыстар атқарып, үлкен кісілерге қолғабыс етіп, өз көмектерін аямайды.

 

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст