"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 3 КрасныйЯр көпсалалы орта мектеп – гимназиясының оқушылары «Абай – Шәкәрім, Махамбет оқулары» қалалық сайысына қатысты

17.03.2017

№ 3 КрасныйЯр көпсалалы орта мектеп – гимназиясының

оқушылары    «Абай – Шәкәрім, Махамбет

оқулары»   қалалық сайысына қатысты

 

Көкшетау қаласындағы №16 орта мектепте білім бөлімінің ұйымдастыруымен 15 наурыз күні «Абай – Шәкәрім, Махамбет оқулары» қалалық сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.

  «Абай – Шәкәрім оқулары» мәнерлеп оқу сайысының ережелері:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша оқушы Абай шығармаларын нақышына келтіре мәнерлеп оқу.

2.  «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша  Абай мен Шәкәрім әндерін орындау.

  «Махамбет оқулары» мәнерлеп оқу сайысының ережелері:

 1.«Мен – мен едім, мен едім!» номинациясы бойынша Махамбет өлеңдерін жатқа айтып беруі тиіс.

 2. «Тартынбай сөйлер асылым» өз туындыларын орындау.

  «Абай –Шәкәрім, Махамбет оқулары»   қалалық  сайысына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған оқушылар: 

8 «А» сынып оқушысы Төлеужан Рауза «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі 2 – ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Хабидуллина Баян Жаровна.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абай мен Шәкәрім әндерін орындауда 8 «А» сынып оқушысы Қаржас Манас жүлделі 2 – ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Садыкова Гүлнар Екпінқызы.

«Мен – мен едім, мен едім!» номинациясы бойынша Махамбет өлеңдерін жатқа оқыған 8 «Б» сынып оқушысы Хибатолла Елжас жүлделі 3 – ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Харақожа Еркегүл.

«Тартынбай сөйлер асылым» өз туындыларын орындау сайысында 5 «Б» сынып оқушысы Жаңбырбай Айсауле жүлделі 3 – ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Әйтенова Кенжегүл Сакеновна.

 Қалалық  сайыста  жүлделі 2 – ші орынды жеңіп алған оқушыларымыз «Абай – Шәкәрім, Махамбет оқулары»  сайысының облыстық кезеңіне жолдама алды.

 

Талапты оқушыға табыстар тілейміз!

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст