"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім - болашақтың кепілі

17.03.2017

Жаңартылған білім - болашақтың кепілі

          Білім беру – «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі. Елдің дамуы үшін аса маңызды «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда да білім ошақтарының атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, дамытатын жастар болғандықтан оларға берілетін білімді жаңартып, әлемдік білім жүйесіне сай  деңгейге көтеру – бүгінгі күн талабы болып отыр. Осыған орай біздің мектеп-гимназия да жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін, тарихын ескере отырып қоғам талабына сай даму жолын белгілеп отыр. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  «Мұғалім» журналының 2016 жылғы № 4 санында жарық көрген № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының директоры Қанат Қиянбекұлы Шаймерденовтың «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп – гимназияның даму моделі» мақаласында білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер жұмыс тәжірибесін жақсартып, оқыту мен оқу үдерісіне жаңа серпін әкелетінін айтады. Мектеп-гимназияның миссиясы, мектептің даму жоспарын іске асыру моделі, даму стратегиясының мақсаты,  бағыттары, нәтижеге бағытталған жұмыстар екеніне нық көз жеткізеді.

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст