"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында 8 наурыз мерекесіне байланысты өткен жұмыстар есебі.

09.03.2017

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта

мектеп –гимназиясында 8 наурыз мерекесіне байланысты өткен жұмыстар есебі.

Мектеп ұстаздары мен оқушылар болып құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектептің қолөнер үйірмесінің ұйымдастырумен бала қолынан шыққан бұйымдарды әр сынып ішінде өткен сынып сағаттарында аналарға сый ретінде табыс етіліп, көрме жайылды. Бастауыш сынып жетекшілері өздерінің сыныптарында  аналарға арнап оқушылар дайындаған өлеңдер оқылып, сахналық қойылымдар, концерттік бағдарлама, «Қыз сыны» , «Көктем аруы» сынды сайыстар ұйымдастырды. Әсіресе өте тартымды өткен сынып сағаты 1 «а» сыныбында болды.Сынып жетекшісі Гүлнар Бағызқызы оқушы бойына анаға деген рухани сезімді  мына бір жоспарланған ата-ана алдында қолдарына жүрекше шарлар ұстап әсем билеген, нақышына келтіріп айтылған тақпақтар мен ұлдар биі арқылы жақсы бере алды. 2 "а" сыныбында өткен Гүлмира  Мұратбекқызы апайларының фантазиясына құрылған бағдарлама барысында оқушылар әсем гүлдер әлеміне кіріп, әуездетіп ән салып, бұрала билеп, өз жүректерінен шыққан барлық сезімді ашық жеткізіп, аналар алғысына бөленді.    Ал мектептегі аналар музыка пәнінің мұғалімі мен тәрбие ісінің жетекшісінің ұйымдастырумен «Сыйла, сыйла ананы!»атты акт залында мерекелік концерттік бағдарлама көрсетіліп,барлық келгендердің көңілінен шықты.Оқушылар қазақша , үнді билерін билеп, ән салып, ақындар жазған өлеңдерді тарту етті. Тіл мамандары ортаншы және 4 сыныптардан «Мен анамды сүйемін!» атты шағын шығарма жаздырып алса, «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің жетекшісі Серік Шайкенұлы «Анам менің осындай!» деген айдармен суреттер салғызды.  Қала nдеңгейінде өткен концерттік бағдарламаға да ат салысып, «Әулет» БШО ұйымдастырған концерттік бағдарламаға 10 сынып оқушысы  Досаев Ерназ бен  1 сынып оқушысы Шалтай Інжуна өз әндерін тарту етті.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст