"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында өткен «Өмірге «Иә» деп айт!» атты іс –шараның есебі.

09.03.2017

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында өткен

«Өмірге «Иә» деп айт!» атты іс–шараның.

Мектеп ішінде психологтардың көмегімен психологиялық көмек көрсететін орталықтар жайлы ақпарат алып, әр сынып ішінде нұсқаулықтар таратылды. Сонымен қатар осы жұмыстар барысында оқушылармен психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылардың ата –аналарымен өткен сынып сағаттарында әлеуметтік желілердегі бала денсаулығына қауіпті ақпараттардан сақтау жолдары жайлы, «Ата –ана тарапынан қадағалау» жұмыстарының барысы туралы пікірлесіп, ақпарат беріп, талқы жасалынды. Оқушыларды  Жасөспірім суициттері» тақырыбына байланысты жұмыс барысында оқушылармен «Өмір қандай тамаша!» атты пікір –талас кеші барысында мектеп психологтары бала бойына өмірге деген құлшынысын, махаббатын, ата –ананы сыйлау сыенды рухани тәрбие беретін сұрақтар аясында жақсы жұмыс атқарды. Оқушылардың ата –аналары мен өздеріне арнап әр сынып ішінде «Ата –аналар үшін жадынама», «Біз- өмірді таңдаймыз!» «Интернет және бала» атты шағын кітапшалар тараттық. Ортаншы буын оқушыларымен «Өмір сүргім келеді» атты шығармалар жаздырып, талдап, қорытындысын шығардық. Интернет желісінің қауіптілігі туралы тағы да ақпаратты мектебіміздің ОДН инспекторы Айжан батырбекқызы жоғарғы сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысып, қосымша дерек беріп, бала сауалына жауап берді. Интернет бізге керек пе? атты видеоролик көрсетіп, әлем жаңалықтарымен таныстырдық. Ата –аналар жиналысында және қосымша берілген қағаз жүзіндегі ақпараттар арқылы тығыз жұмыс жүргізілуде. Әр жүргізілген жұмыс мектеп психологтарының көмегімен , олар өткізген тренингтер және ойын түрлері арқылы өз деңгейінде сапалы өтті. Оқушылар мен ата –ана құқықтық білім ала алды.

 

Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст