№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп -гимназиясының 2017-2018 оқу жылына арналған оқу тәрбие жоспарына сәйкес наурыз айының алғашқы күндерінде "Ең үздік сабақ әзірлемесі-2018" байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекетік бағдарламасын іске асыру "Қазақстан-2050" стратегиясын, "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыруды білім беру саласында жаңартылған білім мазмұнына сай жаңашыл формада сабақ беретін мұғалімдердің педагогикалық инновацияларына қолдау көрсету.Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру.
Сайыстың қорытындысы бойынша математика пәні мұғалімі Абишева О.Б, бастауыш сынып мұғалімі Оспанова С.Т, ағылшын тілі мұғалімі Даулетбаева М.С 1 орынмен марапатталды, ал қалған пән мұғалімдері тиісті номинацияларды иеленді.
Ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!!!