Текст
# 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясының 2 "Б" сынып жетекшісі Саденова Самал Болатбекқызы "Салты жақсының - халқы жақсы" атты облыстық сайысқа ата - аналары мен оқушылары Сағынбай Нұртас, Серікбол Айдана, Берік Кәусар, Жанболат Аяулым, Оралбек Тамерлан қатысып, қазақтың салты мен дәстүрі жайлы ақпарат беріп, өлеңдер оқыды, Марат Аяулымның анасы Бейсекеева Айымгүл "Баланы қырқынан шығару" салтын көрсетті. Ал Жаңатқазы Ақерке "Баланы бесікке бөлеу" тақырыбында жақсы ақпарат берді. Ақеркенің атасы Әпесхан Дамелғазы бата беріп, қазақтың салт-дәстүрін көрсетті.