Текст
І тоқсан қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. «Интербелсенді тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында Н.Е. Дыбыс баяндама жасады. 1-7 сынып оқушыларының «Зерде», 8-11 сынып оқушыларының ғылыми жұмыстарының облыстық кезеңіне өткен пән мұғалімдері Г.О.Бактыбаева, С.Н.Жумагулова дайындаған оқушыларының видеожазбалары талданды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жоспары құрылып, бекітуге ұсынылды.
Қашықтықтан өткен мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы талданды.