Текст
05.11.2020 ж №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің отырысы ZOOM платформасымен өтті. Кезекті отырыста орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз сыныптарының I тоқсанда көрсеткен білім сапасы туралы есептерін берді. «Қашықтықтан оқыту барысында қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың кейбір негіздері» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бексултанова И.С. баяндама жасады. Отырыста қашықтықтан өткен мектепшілік пән олимпиадасының қорытындысы талданды. Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Кулымбасова А.Б.қалалық турға өткен оқушылардың дайындығын жоғары деңгейде қадағалауын сұрады.