№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясында 2020 жылдың 18 қарашасы күні "Әлем таныған Абай" тақырыбында конференция қашықтықтан ZOOM платформасымен өткізілді. Конференцияға Көкшетау қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, Көкшетау қаласы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі М. А. Можаева, Красный Яр №1, №2 орта мектептері мен №15 негізгі орта мектептерінің "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері мен мектеп тәлімгерлері, # 3 ККОМГ "Жас ұлан" ұйымының 42 мүшесі қатысты, Мектеп-гимназия директорының орынбасары Р. Н. Оспанова, «Атамекен» балалар ұйымының президенті
Бауыржанқызы Нұржайна, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы
Айтжанов Алмас баяндама жасап, ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ақын шығармаларының тұлға болып қалыптасудағы тәрбиелік мәнін аша білді. Қатысушыларға және баяндамашыларға алғыс білдіреміз.